Қылмыс
1 мин оқу 172

Жалған сусын жасаушылар ұсталды

<p style="text-align: justify;">Қаржылық бақылау агенттігінің баспасөз қызметі хабар&shy;лаған&shy;дай, аталған агенттік&shy;тің Шым&shy;&shy;кент қаласы бойынша департаменті үшін&shy;ші мегаполисте танымал энергетикалық сусынды жасырын түр&shy;де шығарған цехты анықтаған. Департамент бизнес құқық&shy;тарын қорғау және көлеңкелі экономикамен күрес бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары аясында заң бұзушылықтың жолын кесті.</p>

Жалған сусын жасаушылар ұсталды

Қалалық санитарлық-эпи­­­демиологиялық бақылау департаментінің мамандары және сауда маркасының құқық иеленушінің өкілдері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары ба­рысында 21 мыңнан астам құты – контрафактілік сусын­ның дайын өнімдері, тауар белгісі бар 54 мыңнан астам бос банкалар, энергетикалық сусынды құюға арналған жаб­дық, сия бүріккіш жапсыр­ма, орау құрылғылары, қақ­пақ­­тар, құрғақ қоспалар (лимон қышқылы, кофеин, сода, бояғыштар, қант, қыш­қыл­­д­ықты реттегіштер) тәркіленді. Келтірілген шығын көлемі 37 млн теңгеден асады.

Ұлттық сараптама орталы­ғы­ның микробио­логиялық зерттеу хаттамасына сәйкес, тәр­кіленген сусынның құра­мын­­да рұқсат етілген мөлшер­ден екі есе жоғары зең мен ашыт­­қы анықталған. Бұл өнім тұтыну­ға жарамсыз, өйткені ол адам денсаулығына, әсіресе жас ағзаға зиян келтіреді. Осы факті бойын­ша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ШЫМКЕНТ

Бөлісу:
Жалған сусын жасаушылар ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар