Шаруашылық
2 мин оқу 180

5 млн гектар жерден астық жиналды

<p style="text-align: justify;">Қазіргі егін жинау науқаны кезінде фермерлер үшін астықты кептіруге қажетті дизель отынының қолжетімділігі, ауа райының қолайсыздығынан зардап шеккен шаруалардың несиелерін ұзарту, субсидиялар бойынша қарыздарды жабу мәселелері өзекті болып отыр.</p>

5 млн гектар жерден астық жиналды

Қазақстанның негізгі астық егетін өңірлері – Қостанай, Пав­ло­дар, Сол­түстік Қазақстан, Ақмола об­лыс­та­рында соңғы екі аптада жауын-шашын толастамай тұр. Қазгидрометтің болжамы көңіл көншітпейді: жауын-шашын 17 қыркүйекке дейін жал­ға­сып, үс­кі­рік жүреді, соның салдарынан солтүстік өңірлерде жаңа дән­нің өн­іп кетуі және ылғалдың жоғары­лы­ғы­нан сапасының төмен болу қаупі бар.

«Қазір біздің басты міндетіміз – ауа райы қолайсыздығының сал­дарын азайтып, фермерлерге барлық қажетті қолдауды көрсету және келесі жылға сапалы тұқым қорын қамтамасыз ету», деді Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.

Осы ретте кезек күттірмей атқа­ры­ла­тын бес бірдей шара тізбегі пайда болады. Оның әдепкісі – астықты қа­былдау кәсіпорындары мен каран­тин­дік қызметтер астықты қабылдау кезінде тәулік бойы жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ ҚТЖ компания­сымен астық тасымалдайтын ва­гон­­дарды уақтылы жеткізу мәсе­лесі пысықталады. Бүгінде еліміз­де элеваторлардың жалпы сыйым­дылығы 29,9 млн тоннаны құрайды, оның ішінде астық қабыл­дау кәсіп­орын­дарында – 13,1 млн тонна және ауыл шаруашылығы өндіру­ші­ле­рінде – 16,8 млн тонна. Бұл өткен жылдардан қалған өнім мен биыл орылатын егінді сақтауға жеткілікті.

Екінші шара – астықты кептіру үшін қосымша дизель отынын бөлу. Шешім Энергетика министрлігімен бірлесіп қабылданған. Тиісті норма­тив­тік құқықтық акт әзірленіп, қазір тиісті органдармен келісіліп жатыр. Игерілмеген дизель отынының қол­да бар қоры жеткілікті болмақ. Ал астық өңдеушілер мен лицензиясы бар элеваторларға қосымша көлем бөлінбек.

Үшінші шара – қаржы инсти­тут­тары мен Азық-түлік кор­пора­ция­сы шаруаларға несие­лер мен лизингтерді төлеу мер­­зімін ұзарту мәселелерін ег­жей-тегжейлі пы­сық­тайтын бо­лады. «Бәйтерек» холдингінің қаржылық ұйымдары тарапынан қолайсыз ауа райынан зардап шеккен фермерлердің несие мен лизинг мерзімдерін ұзартуға бе­рілген әрбір өтініші жеке тәр­тіп­пен қаралады.

Төртінші шара – қосымша субсидиялар бойынша борыштарды жабу мәселесін жеделдету. Қо­сым­ша қажеттілік 171 млрд тең­­­ге­ні құрайды. Бұл қаражатты бөлу кезінде қолда бар және қосымша бөлінген қаржының уақтылы иге­рілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ туындайтын проблемаларды шеше отырып, қысқамерзімде субси­дия­лау­дың ақпараттық жүйесін да­­­­­йындау қажет.

Бесінші шара – келесі жылға фермерлер үшін сапалы тұқым қорын құру. Ол үшін «Қазагрэкс» Азық-түлік корпорациясымен бір­ле­сіп, қоймаларда қалған астық­тың өткен жылғы қорларына зерттеу жүргізеді. Олар барлық талап етілетін сапалық сипаттамаға сәйкес келсе, Азық-түлік кор­по­ра­циясы 2022 және 2023 жыл­дар­дағы егіннің астығын бөлек сақтау есебінен сапалы тұқым қорының сақталуын қамтамасыз етеді.

Жедел деректер бойынша 8 қыр­күйек­ке дейін Қазақстанда 4,8 млн га астық (орташа өнімділігі гектарына 10 центнер болған кезде) жиналды, бұл жалпы егіс алқабының 28%-ын құ­райды. 

Бөлісу:
5 млн гектар жерден астық жиналды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар