Шахмат
1 мин оқу 160

Күміс медальмен оралды

<p style="text-align: justify;">Польшаның Быдгощ қаласында шах&shy;маттың рапид түрінен әйелдер ара&shy;сындағы командалық әлем чемпио&shy;наты аяқталды.</p>

Күміс медальмен оралды

Қазақстан құрамасы бұл жарыста табысты өнер көрсетті. Құрамында Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Әсел Серік­бай, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұр­ма­нова және Әмина Қайырбекова бар жер­лестеріміздің ең әуелі топтық турнир­де топ жарғанын айта кетейік. Бес кез­десудің төртеуінде жеңіске жеткен олар тек бір бәсекені тең аяқтады. Ширек финал­да Германияны сүріндірсе, жартылай финалда Франциямен біраз тіресті. Қос ойынның нәтижесі бойынша жеңімпаз анық­талмай, матч тай-брейкке ұласты. Шешуші тұста біздің қыздар тамаша ойнап, қарсыластарынан басым түсті.

Финалда жерлестеріміз Грузия құра­масымен шеберлік байқасты. Әлем чемпионы деген атағы бар азулы командаға тісіміз батпады. Қос кездесудің қорытындысы бойынша 1.5:2,5 және 0,5:3,5 есебімен есе жібердік. Нәти­жесінде, грузиндер алтыннан алқа тақ­са, қазақтар күміс алды. Ал қола медаль Фран­цияның шахматшыларына бұйырды.

Бөлісу:
Күміс медальмен оралды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар