Бокс
2 мин оқу 375

Медаль алғандарға – сыйақы

<p style="text-align: justify;">Туризм және спорт минис&shy;тр&shy;лігі санаулы күн&shy;дер&shy;ден кейін Қытайдың Ханч&shy;жоу қаласында алауы тұ&shy;танатын жазғы Азия ойын&shy;дарында жүлде алған ел спортшылары мен олардың жаттықтырушыларын қол&shy;дау мақсатында қаржылай сый&shy;ақы берілетінін мә&shy;лімдеді.</p>

Медаль алғандарға – сыйақы

Атап айтқанда, Азия ойын­дарының бас жүлдесін иеленген спортшыға 10 мың доллар кө­лемінде ақшалай сыйақы бе­рілсе, атлетті жарысқа да­йындаған жат­тық­тырушысына 5 мың доллар қарастырылып отыр. Сары құр­лықтың Олимпиадасына айнал­ған додада күміс жүлдегер атанған спортшы 5 мың доллармен, ал жаттықтырушысы 3 мың доллармен марапатталады. Сондай-ақ қола медаль еншілеген құрама спортшысына 3 мың доллар, ал оның жаттықтырушысына 2 мың доллар көлемінде ақшалай ынталандыру белгіленген.

вап

«Азия ойындарына қатысатын ұлттық құрама жасақталып, еліміздің әр өңірінде оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Спорт­шыларымыз жақын күндері Қы­тайға аттанады», деді Туризм және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева.

Сонымен қатар министрліктен бөлек, Қазақстан бокс федерация­сының президенті Кеңес Рақы­шев те Азия ойындарында үздік­тер қатарынан көрінген был­ғары қолғап шеберлеріне қаржылай сыйақы берілетінін айтты. Қазақ­­стан бокс федерациясы бас­па­сөз қыз­метінің мәліметіне сәй­кес ҚБФ президентінің жеке қаража­тынан сыйақылар беру дәстүрі бо­йынша алтын медаль үшін чем­пион­дар 50 мың доллар, күміс жүл­­дегерлер – 30 мың доллар, қо­ла ме­даль үшін 10 мың доллар алады.

Кеше Шәміл Сафиуллин бас­таған бокстан Қазақстан әйел­дер құрамасы алғашқылардың бірі болып Қытайдағы додаға ат­танды. Ханчжоудағы жазғы Азия ойындары қарсаңында біз­дің спорт­шылар жергілікті және Тә­жікстан боксшыларымен бірлес­кен оқу-жаттығу жиынын өткізді.

Қытайдағы осы жылдың ең бас­ты додасында ел намысын ерлер құрамасынан Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Ер­туған Зейнуллинов (63,5 кг), команда капитаны Асланбек Шым­бер­генов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Сағындық Тоғамбай (92 кг) және аса ауыр салмақта Қамшыбек Қоң­қа­баев қорғайды.

Ал қыздар құрамасы сапынан Назым Қызайбай (50 кг), Жайна Ше­­кербекова (54 кг), Ка­рина Ибра­­­гимова (57 кг), Римма Воло­сен­ко (60 кг), Наталья Богданова (66 кг) және Валентина Хальзова (75 кг) бас жүлдеге таласады.

XIX жазғы Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді. Қазақстан құрамасынан 500-ден аса спортшы спорттың 33 түрінен сынға түседі. Тарихта алғаш рет Азия ойындарында Олим­пиада лицензиялары са­рап­қа салынады.

Бөлісу:
Медаль алғандарға – сыйақы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар