19 млн теңге: Астанада алимент төлеуден жалтарған азамат қамалды
<p style="text-align: justify;">Астана тұрғыны 19 млн теңге көлемінде алимент төлемегені үшін қамауға алынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> елорда прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Нұра аудандық прокуратурасы 2015 жылдан бері алимент төлеуден жалтарып жүрген елорда тұрғынын анықтады. Қарыз сомасы 19 млн теңгені құрады.
«Аудан прокуратурасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 669-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғады. Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен борышкер сотқа тартылып, 5 тәулікке қамауға алынды», деп жазылған елордалық прокуратураның хабарламасында.
Айта кетейік, Қазақстанда алимент төлеуден жалтарған азаматтар 5 АЕК (17 250 теңге) көлемінде айыппұл төлейді немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады, сондай-ақ екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады.