Жәдігер
2 мин оқу 470

Ақаңның қолжазбасы ма?

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласында орналасқан Ұлттық кітапхананың сирек қорында Ахмет Байтұрсынұлының &laquo;Шаруалық өзгерісі&raquo; атты 107 беттен тұратын қолжазбасы сақталған. Мұра төте жазумен жазылған. Жазбада алаш қайраткерінің шаруашылық, экономика, мәдениет тақырыптарын зерттеп жазған көлемді еңбегі топтасқан.</p>

Ақаңның қолжазбасы ма?

«Ақаңның аталған қол­жазбасы кітапханаға қалай түскені белгісіз. 1940 жылы «Ар­найы сақтау қорына» тір­келіп, 1989 жылы «Сирек қор­ға» ауыстырылған екен. Со­дан бері сирек кітаптар мен қол­жазбалар қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар тарапынан қол­жазбаға назар аударылып, соңғы жылдары зерттеу жұ­мыс­тары жүргізілуде», дейді Ұлт­тық кі­тап­хана директоры Ба­қыт­жа­мал Оспанова.

Қолжазба сары қағаздан жасалған дәптерге жазылған. Жазуы үлкен. Әр бетіне 14-15 жол жазу сыйған. Жәдігердің алғашқы парағының шеке­сіне төте жазумен «Ахмет Байтұр­сынұлы» деп автордың есімі жазылса, одан кейін «Шаруалық өзгерісі» деп еңбектің аты көрсетілген. Әрбір тарау аяқ­талған тұста автор «А.Б» деп тө­те жазумен қолтаңбасын қойып отырған. Бұл жәдігер әзір­ге ұлт ұстазы Ахмет Бай­тұр­сынұлының өз қолымен жаз­ған жалғыз еңбегі саналып отыр.

Қолжазбасының жеті тарауы бүтін сақталған. Ақаңның бұл зерттеу жұ­мысы алғаш «Қазақ» газетінің 1915 жылғы (№145, 146, 147, 148, 158, 161, 163) және 1916 жылғы (№167) сандарында жарық көріпті. Ал қолжазбаға кірмеген тағы бір тарауды зерттеушілер «Қазақ» газетінің кезекті бір нөмірінен тауыпты. Осыған қарағанда, қолжазба сегіз тараудан тұрған көрінеді.

Бірақ «Қазақ» газетінде жария­ланған жеті тарауда ав­тордың аты жоқ. «Де­сек те, бұл жазбаның иесі А.Бай­тұр­сынұлы екені анық. Ақаң бұл еңбекті 1930 жылдары жаз­ған болуы мүмкін» дейді зерт­теушілер.

Жәдігермен таныс­қан А.Бай­­­тұр­­сын­­­ұлы музей-үйінің мең­геру­шісі Әді­­лет Ахметұлы: «Ақаң бұл ең­­бегінде «Мәдениет қырқалары», «Мә­­дениет тө­белері», «Мәдениет жұғы­сы», «Мә­дениеттің тараған жолы», «Мәдениет бесігі» сынды тақырыптарды қаузағаны байқалады. Соған қарағанда бұл еңбек өткен ғасырдың ба­­сында тәркіленіп, күні бү­гінге дейін табылмай келе жат­қан А.Байтұрсынұлының «Мә­дениет тарихы» атты жаз­басының бір бөлімі болуы да мүмкін» дейді.

Бөлісу: