Аймақтар
2 мин оқу 220

Стансаға есімі берілді

<p style="text-align: justify;">&laquo;Орал&raquo; компрессорлық стансасына &laquo;Қазақгаз&raquo; ұлттық газ компаниясының тұңғыш президенті, газ саласының еңбек сіңірген қайраткері Есет Рауатұлы Әзірбаевтің есімі берілді.</p>

Стансаға есімі берілді

Осы оқиғаға орай жуырда өткен салтанатты рәсімге «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жәркешов пен Батыс Қазақстан облысы әкім­дігі өкілдері, «Интергаз Орта­лық Азия» АҚ Орал Желілік өн­ді­рістік басқармасы ұжымы қа­тысты. Қонақтар мемориалдық тастың ашылуына қатысып, Есет Рауатұлын еске алды.

Есет Рауатұлы – кеңестік репрессия жылдары қуғындалып, башқұрт жерін паналап аман қалған дін қайраткерінің ұрпағы болатын. Тектілік тегінен да­ры­ған азамат өз ұлтының тарихын терең білетін. КСРО кезінде мұ­най-газ саласының білікті ма­маны атанған ол тәуелсіздік тұсында жас Қазақстанның бірың­ғай газ құбырлары жүйесін құруға және жаңа аумақтарды газдандыруға көп қызмет етті. Сол кездегі қиындықтарға қа­рамастан Есет Рауатұлы ұлттық компанияны басқарып, жаңа магистральдар салып, сол ар­қы­лы табиғи газдың елдің бар­лық өңіріне және экспортқа тарауына жол ашты.

– «Қазақгаз» ұлттық газ ком­паниясының тұңғыш президенті Есет Рауатұлын еске алу – біз­дің борышымыз. Өз елінің бола­шағына бейжай қарамаған мұн­дай тұлға газ саласы қызмет­кер­лерінің жас буыны үшін әрдайым үлгі болуы керек. Хал­қымыз осы күнге дейін Есет Рауат­ұлын жылы еске алады, ал оның есімі еліміздің мұ­най-газ индус­триясының тари­хына алтын әріппен мәңгілікке жазыл­ған,  – деді Санжар Жәркешов.

Стансаның атауын өзгерту және мемориалдық тасты ашу идеясын мұнай-газ саласының ардагерлері көтерген екен. Газ саласының құрметті ардагері, Есет Рауатұлының бір кездегі әріп­­­тесі Анатолы Тегісбаев ел үшін еңбек еткен Е.Әзербаевтың ал­­ты жыл бұрын өмірден өтсе де, есімі ұмытылмай, еленіп жат­­­­қаны үшін компания басшы­лы­­ғына алғыс айтты. «Өз елінің нағыз патриоты мұндай құрметке лайық!» деді ақсақал.

«QazaqGaz» ҰК басшысы Батыс Қазақстан облысы газ ша­руашылықтарының алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындығы тек­серілгенін, мамандардың ай­туынша, өңір жылыту маусы­мына 100% дайын екенін хабарлады.

Батыс Қазақстан облысы

Бөлісу:
Стансаға есімі берілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар