Ауа райы
1 мин оқу 360

Алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК 14-16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады.

«Алдағы үш күнде шығыста, 14-15 қыркүйекте солтүстікте, 15-16 қыркүйекте батыста, 16 қыркүйекте республиканың солтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі. Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде қар аралас жаңбыр жауады», делінген хабарламада.

Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасы түнде +3+10°, күндіз +13+20°, оңтүстікте түнде +7+15°, күндіз +18+25° болады.

Бөлісу:
Алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар