Спорт
1 мин оқу 190

Олимпиада чемпионының жеңісі

<p style="text-align: justify;">Велоспорттан &laquo;Испания Вуэль&shy;тасы&shy;ның&raquo; 17-кезеңі 33 жастағы Слове&shy;ния&shy;ның саңлағы, Олимпиада чемпионы При&shy;мож Рогличтің жеңісімен аяқталды.</p>

Олимпиада чемпионының жеңісі

Рибадеселья мен Англиру өңірлері аралығын жалғастырған 124,4 мың шақы­рымдық қашықтықты «Jumbo-Visma» клубының серкесі 3 сағат 15 минут 56 секунд­та жүріп өтті. Рогличтің коман­далық әріптесі, даниялық Йонас Вин­гегор же­ңімпаздан небәрі алты секунд қалып қойды. Үшінші орынды америкалық Сепп Кусс иеленді. Ол да «Jumbo-Visma» клу­бының мүшесі. «Астаналық» Андрей Зейц 24-сатыға жайғасты.

Жалпы есептегі жағдай өзгеріссіз. Бі­рінші орында – Сепп Кусс. АҚШ вело­шабандозының көрсеткіші – 60 сағат 34 минут 21 секунд. Екінші орындағы Йонас Вингегор одан алты секунд қалып келеді. Үшінші сатыға Примож Роглич тұрақтады. Қазақстандық Андрей Зейц 50-орынды еншілеген.

Бөлісу:
Олимпиада чемпионының жеңісі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар