Жұмыс
1 мин оқу 370

Жұмыс жәрмеңкесі

<p style="text-align: justify;">Бір адам жұмыс тапса да олжа. Жезқазғанда өткізілген жұмыс жәрмеңкесі осындай мақсатты көздеді. Қала әкімдігі мен &laquo;Мансап&raquo; орталығы бірлесіп, ашық аспан астында ұйымдастырған жәрмеңкеге жұмыс берушілер де, іздеушілер де қызығушылық танытты.</p>

Жұмыс жәрмеңкесі

Жәрмеңкеде қаладағы 24 мекеме 360-қа жуық жұмыс орнын ұсынды. Әрине, әркімнің өз таңдауы бар. Ұсы­нылған жұмыс көптің көңілінен шыға бермейтіні де рас. Жәрмеңке қоры­тындысында 19 адам тұрақты жұмыс орнын тапты. 12 адам жұмыссыздық жағдайы бойынша тіркеуге алынды. 15 адам жұмыс орындарына барып, нақты танысуға ниет білдірді.

– Ауа райының қолайлы сәтін пай­даланып, жәрмеңкені ашық алаң­да өткізгеніміз дұрыс болыпты. Қызығушылық танытқандар көп. Бір жағы көпшілік ән-күй тыңдап, көңілін көтеріп, бір серпіліп қалды. Мұндай жобаны алдағы уақытта одан әрі жалғастырамыз, – дейді Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Жайлаубаев.

Жәрмеңке барысында жұмыс тауып, алғаш еңбек жолын бастайтын жастарға еңбек кітапшалары салтанатты түрде табысталып, естелік сыйлықтар тапсырылды.

Ұлытау облысы,

Жезқазған қаласы

Бөлісу:
Жұмыс жәрмеңкесі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар