Оқиға
1 мин оқу 180
БҚО-да ағашқа соғылған жүк көлігі отқа оранды
<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облысының ТЖ департаменті мәлім еткендей, оқиға 14 қыркүйек күні Бәйтерек ауданына қарасты Мичурин ауылында болған, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Киім-кешек тиелген Volvo жүк көлігінің 32 жастағы жүргізушісі сағат 16.30-да Ленин көшесі 2-мекенжай тұсында ағашқа соғылып, кейін автокөлік отқа оранған.
«Тілсіз жау сағат 18.18-де оқшауланып, 21.43-те толық ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына департамент құрылымдарынан 19 адам мен 4 техника жұмылдырылды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», деп хабарлады ведомство өкілдері.
Бөлісу: