Мәдениет
1 мин оқу 301

Симфониялық оркестрдің алғашқы концерті

<p style="text-align: justify;">Биыл Қызылорда облы&shy;сының құрыл&shy;ғанына 85 жыл толып отыр. Об&shy;лыстық драма театр&shy;да өткен Сырдағы тұң&shy;ғыш симфониялық оркестр&shy;дің алғашқы концерті осы мерейтойға арнал&shy;ды. Облыстық фи&shy;лар&shy;мония жанынан құ&shy;ры&shy;лып отырған ор&shy;кестрдің көркемдік же&shy;текшісі және бас ди&shy;рижері Қа&shy;зақстанның еңбек сіңір&shy;ген қайраткері Мүсілім Әмзе.</p>

Симфониялық оркестрдің алғашқы концерті

Симфония оркестрінің алғашқы концертінде облыс әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов өнер ұжымына сәттілік тілеп, салаға қатысты жобалар мен жаңалықтарға тоқталды. Осы жылы өнер және әдебиет өкіл­деріне облыс әкімінің «Тұран» сый­лығы табысталды. Би­ылдан бастап мәдениет сала­сындағы мамандар шетелдерде біліктілігін арттыра бас­тады. Жаңадан іске қосылған инклюзивті театр мүмкіндігі шектеулі өнерпаздар шығар­машылығына шабыт берсе, бұған дейін Қызылорда қаласы әкімдігі жанында үйірме ре­тінде жұмыс жасап келген Жас­тар театры өз алдына кә­сіби ұжым ретінде құрылды.

Жыл аяғына дейін мың орындық Өнер орталығы бой көтеріп, бірқатар ұжым жа­ңа ғимаратқа орналасады. Ал­дағы уақытта сим­фо­ния ор­кес­трінің жаңа бағ­дар­­­ла­ма­сын сол орталықта та­ма­ша­лай аламыз.

Оркестр тұсаукесер кон­цертін елімізде сирек орын­далатын күрделі туын­ды­лар­дың бірі композитор Ах­мет Жұбановтың «Абай» сим­фо­ниялық сюитасымен бастады. Классикалық музыка алыптары Шуберт, Ден­ца, Брамс, Моцарт, Бизе, Чай­ковский, Мұ­қан Төлебаев пен Нұрғиса Тілен­диевтің шы­ғар­малары орындалды.

Театр залын толтырған көрермен осы кеште ха­лық­­ара­лық және республи­ка­лық конкурстың лауреат­та­ры Самал Байсейітова, Ай­дос Иман­жаппаров, Ақыл­бек Табынбаев, Сымбат Тас­бергеновалардың өнеріне қол соқты.

ҚЫЗЫЛОРДА

Бөлісу: