Хоккей
1 мин оқу 214

«Барыстың» алғашқы жеңісі

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) биылғы маусымы басталғалы бері Ас&shy;та&shy;наның &laquo;Барысы&raquo; қатарынан бес бә&shy;&shy;секеде жеңіліс тауып, өз жан&shy;күйер&shy;лерін жерге қаратқан еді.</p>

«Барыстың» алғашқы жеңісі

Алтыншы кездесуді жерлестеріміз Вла­ди­востоктың «Адмиралына» қарсы өткізді. «Барыс Аренадағы» бәсекеде есепті 6 минутта Жозеф Лабейт ашты – 1:0. Арада10 минут өткеннен соң қонақтар таразы басын теңестірді – 1:1. Үзілістен кейін Павел Шэн Қиыр Шығыстан келген команданы алға шығарды – 1:2. Көзді ашып-жұмғанша Джереми Бракко нысананы дәл көздеді – 2:2. Үшінші кезең басталған бетте «Адмирал» қайта алға шықты – 2:3. Бірақ «Барыстың» ойыншылары еш сасқан жоқ. 43 және 54-минуттарда Роман Старченко қатарынан екі мәрте мергендік танытып, елордалық клубқа жеңіс сыйлады – 4:3. Бұл – «Барыстың» чемпионаттағы алғашқы жеңісі.

Қазіргі кезде «Барыс» бес ұпайды еншілеп, түрақты біріншіліктің жарыс кестесінде 18-орынды қанағат тұтуда. Бүгін жерлестеріміз өз алаңында Нижнекамскінің «Нефтехимигін» қабылдайды.

Бөлісу:
«Барыстың» алғашқы жеңісі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар