Спорт
1 мин оқу 190

«Астанадан» қайыр болмады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Испания Вуэльтасы&raquo; өз мәресіне жа&shy;&shy;қы&shy;ндап қалды. 20-кезеңде Нидер&shy;ланд&shy;тың велошабандозы Ваут Пулс&shy;тың (&laquo;Bahrain-Victorious&raquo;) екпініне еш&shy;кім шыдамады.</p>

«Астанадан» қайыр болмады

Мансанарес-эль-Реаль мен Гвадаррама елдімекендерінің аралығы 207,8 шақырымды құрайды. Бұл қашықтықты Ваут Пулс 4 сағат 59 минут 29 секундта жүріп өтті. Екін­ші және үшінші сатыға бельгиялық Ремко Эвенепул («Soudal – Quick Step») мен ис­па­ния­лық Пелайо Санчес («Burgos-BH») жайғасты. Жалпы есептегі жағдай бұрынғыша: аме­рикалық Сепп Кусс – бірінші, даниялық Йонас Вингегор – екінші және словениялық Примож Роглич – үшінші орындарды иеленуде. Көш басындағы саңлақтардың барлығы да – Нидерландтың «Jumbo-Visma» клубының мүшелері. «Астананың» үздігі Андрей Зейц 47-сатыға тұрақтады.

Ал Италияда Эмилия-Романья аймағында өткен Марко Пантани мемориалында еліміздің велошабандозы Алексей Луценко бас жүлдені олжалады. 193,3 шақырымдық қашықтағы оның көрсеткіші – 4 сағат 21 минут 32 секунд.

Бөлісу:
«Астанадан» қайыр болмады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар