Күрес
2 мин оқу 220

Қола медаль үшін таласады

<p style="text-align: justify;">Сербияның астанасы &ndash; Белградта күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталды. Бұл жарыста түрлі-түсті медальдардан бөлек, 18 олимпиадалық салмақ дәрежесі бойын&shy;ша 90 жолдама сарапқа салынады. Яғни 2024 жылы Па&shy;рижде алауы тұтанатын ғаламдық додаға қатысуды мақ&shy;сат тұтқан балуандар дәл осы байрақты бәсекеде алғашқы бестіктен көрінуге тиіс.</p>

Қола медаль үшін таласады

Жарысты еркін күрес ше­берлері бастады. Алғашқы күні боз кілемге шыққан төрт жер­лесіміздің үшеуі тұсаукесер кез­десулерінде сүрінді. 61 кило салмақтағы Өсімжан Дас­танбек америкалық Виталий Оруджевтен 0:10 есебімен ұтыл­ды. АҚШ спортшысының әкесі де кезінде мықты балуан болған. Тегі әзербайжандық Вугар Оруджев тоқсаныншы жылдары КСРО, Беларусь және Ресей құрамалары сапында өнер көрсетіп, Барселона Олимпиадасының қола жүл­дегері және әлемнің екі дүркін чемпионы атанды. Ал Ви­талийдің өзі Панамерика бірін­шілігінің екі дүркін жеңім­пазы. Десек те Өсімжан үшін жарыс әлі аяқталған жоқ. Оруджев финалға шық­­қа­ны­ның арқасында ол жұба­ныш бел­десулерде бақ сынау мүмкіндігіне ие болды.

70 кило салмақтағы Сан­жар Досжановтың жастар ара­сындағы Еуропа чемпионы, Яшар Доғу мемориалының жеңімпазы, әзербайжандық Магомед-Башир Ханиевке әлі жетпеді. Бұл бәсеке 2:9 есебімен аяқталды. 125 кило сал­мақ дәрежесінде күш сы­нас­қан Юсуп Батырмұрзаев Американың алыбы, жастар ара­сындағы әлем чемпионы Мейсон Пэрристің темір құр­сауынан құтыла алмай, тас-талқан болып жеңілді – 0:10.

Жарыстың алғашқы күні қазақ жанкүйерлерін Азамат Дәулетбеков қана қуантты. 86 кило салмақта айқасқан ол бастапқы бәсекеде литвалық Домантас Павлюченконы 9:0 есебімен ойсырата ұтса, келесі кезеңде жасөспірімдер мен жастар арасындағы құрлық чемпионы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, Иван Ярыгин кубогінің иегері, ресейлік Арс­лан Багаевті қос жауры­нымен жерге қадады. Ширек финалда Францияның туы астында өнер көрсетіп жүрген жастардың Еуропа чемпионатының екі дүр­кін жеңімпазы, чешен­стандық Рақым Магамадовқа соқыр ұпай да ұстатай, ай­қын басымдықпен жеңді – 10:0. Жартылай финалда Дәулетбеков АҚШ-тың атақ­ты балуаны, Олимпиада мен әлемнің екі дүркін чемпионы Дэвид Тэйлорға жол берді. Енді қазақ балуаны қола медаль үшін таласады.

Кеше аталған салмақ дәре­желері бойынша алтын және қола медаль үшін белдесулер өтті. Бас жүлде үшін мына балуандар күш сынасты: 61 кило – Виталий Оруджев (АҚШ) пен Абасгаджи Магомедов (Ресей), 70 кило – Әмир Яздани (Иран) мен Зейн Резерфорд (АҚШ),

86 кило – Хасан Яздани (Иран) мен Дэвид Тейлор (АҚШ) және +125 кило – Әмир Заре (Иран) мен Гено Петриашвили (Грузия).

Бөлісу:
Қола медаль үшін таласады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар