Қоғам
1 мин оқу 290

Лифтінің жаңа түрі

<p style="text-align: justify;">Қарағандылық өнертапқыш Александр Таранов Ғылым және жоғары білім министірлігінің 97,1 млн теңгелік грантын ұтып алды. Грант иегері қаржыны ғылыми зерттеу жұмыстарына жұмсаймын деп отыр. Ғимараттарға орнатылатын инновациялық жолаушылар пневмолифтінің тәжірибелік-өнеркәсіптік үлгісін жасамақ.</p>

Лифтінің жаңа түрі

Александр Таранов – техника ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген энер­­гетигі. Әбілқас Сағынов атын­­­­дағы Қарағанды техникалық уни­­­­верситетінде сабақ береді.

Өнертапқыштың айтуынша, ғимарат бойымен адам тасымалдайтын жеделсатылардың өн­дірісіне модернизация қажет. Ұлттық лифтішлер қауым­дас­тығының дерегіне сүйенсек, ел аумағында қызметтік мерзімі өт­кен әрі ескірген 5 мың лифт бар. Сол себепті жеделсатыға жаңалық әкелмекші.

– Бұл проблеманы отандық жолаушыларға арналған пнев­молифтілердің өндірісі шеше алады. Бұл өндіріс дамыса, нарыққа қауіпсіз жеделсатылар шығады. Пневмолифтілердің бұрынғы ар­қанмен көтерілетін лифтілерден айырмашылығы – құрылысының қарапайымдылығында. Пнев­мо­лифтілер жылдам көтеріледі әрі жылдам түседі. Өйткені, жеңіл. Биік ғимараттарға орнатуға әбден болады. Жасалуына да көп қара­жат кетпейді. Бір сөзбен айт­қан­­да – жаңа заманның жаңа техноло­гиясы, – дейді өнертапқыш.

Әуелі конструкторлық құ­жат­тама пакеті әзірленіп, жолау­­­­­шы­ларға арналған пневматика­­­­лық көтергіштің прототипі жасалады.

Пневматикалық лифтілерді жасау жаңа технологиялық жаб­дықтар мен жаңа өндірістерді құруды қажет етпейді. Қолда­ныс­тағы машина жасау зауыттарында өндіруге болады.

Қарағанды облысы

Бөлісу:
Лифтінің жаңа түрі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар