Алматы
1 мин оқу 251

Ғалымдарға арналған орталық

<p style="text-align: justify;">Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне қарасты Педагогика және психология институтында коворкинг орталығы ашылды.</p>

Ғалымдарға арналған орталық

Орталықтың ашылуында Ұлт­­тық ғы­лым академиясының вице-пре­зиденті Дархан Біләлов: «Заманауи және инновациялық білім беру орталығы студенттер үшін білім алуға, тың тақырыптар бойынша пікір алмасуға, жаңа техноло­гияларды игеруге толық мүмкіндік береді» деп атап өтті.

Университет басқарма төр­ағасы ректо­рының міндетін ат­­қа­рушы Клара Иса­қова орталық­ты ашуға қол­дау көр­сеткен демеу­шілерге және уни­верситет ұжы­мына алғысын білдірді. Оқу орны ғылыми зерт­теу жұмыстарына мүмкіндік беретін заманауи ин­­­фра­құрылым­­мен, жаңа құ­рал-жабдықтармен, кітапха­на қоры­мен қамтамасыз етілгенін жеткізді.

Коворкинг орта­лық жаңа ізденістерге жол ашады. Мұнда студенттерге, оқы­тушылар мен зерттеу­ші­лерге бірлесіп жұмыс істеуге идеяларды жүзеге асыруға жағдай жасалған.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Ғалымдарға арналған орталық · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар