Елордада жосықсыз құрылыс салушылар ұсталды
<p style="text-align: justify;">Астанада алаяқтық жасады деген күдікпен тұрғын үй компанияларының басшылығы ұсталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>
Бас прокуратураның мәліметінше, қыркүйек айының басында қала прокуратурасының нұсқауы бойынша Полиция департаментінің өндірісіне «R-Club» және «R-Club Deluxe» ТҮК үлескерлерінің ұжымдық арызы негізінде алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс берілді.
«Үлескерлердің 4 млрд теңгеден астам ақшалай қаражаты тартылған, алайда іс жүзінде құрылысқа 900 млн теңге жұмсалғаны анықталды. Құрылыс салушы 2022 жылдың 4-ші тоқсанында аяқтауға тиіс құрылысты уақытында бітірмеген. Құрылыс компанияларының басшылары ұсталып, оларға «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», деп жазылған ведомство хабарламасында.
Аталған іс бойынша жедел-тергеу тобы құрылды.
Қазір қылмыстың қалған қатысушылары мен олардың активтері анықталып жатыр.