Жастар
1 мин оқу 234

Шарын шатқалын тазартты

<p style="text-align: justify;">&laquo;Kieli tabigat&raquo; бірыңғай республикалық экологиялық акциясына жұдырықтай жұмы&shy;ла қатысқан Ұйғыр ауданының жастары киелі өлке Шарын шатқалына тазарту жұмыс&shy;тарын жүргізді. Іс-шараға &laquo;Шарын&raquo; ұлттық паркінің қызметкерлері мен волонтерлер қатысты.</p>

Шарын шатқалын тазартты

«Акцияның мақсаты – қоғамның көзқара­сын өзгерту, табиғатты аялау, жастарға қор­ша­ған ортаны қорғау және оны ластамау мәде­ниетін қалыптастыру», деген аудандық жас­тар ресурстық орталығының жетекшісі Жәні­бек Айқожаев көзге оғаш қоқыстың жоқ­­тығын, сондықтан жер түбінен келетін турис­тер үшін ұялмауға болатындығын атап өтті.

чсм

«Мұндай игі іс-шара кісі қарасы көп базарлар мен ойын алаңдары, қоғамдық орындарда жиі өткізіліп тұрса, әр адамның қоршаған ортаны қадірлеп, тазалық сақтауына түрткі болады», дейді орталық жетекшісі.

Республикалық акция аясында бастал­ған аумақтарды тазарту сенбілігі өңірдің барлық ауда­нында жоғары деңгейде ұйымдас­тыры­лып, өңір жастары белсенділік танытты.

Экологиялық акцияға Алматы облысы және Шарын шатқалы бойынша 3144 адам қатысты. Оның ішінде мыңға жуығы мемлекеттік қызметкер болса, 1166 волонтар мен 1130-ы – елді мекен тұрғыны. Бір күн ішінде экоакция кезінде 1039 тонна қоқыс жиналып, шығарылды.

Алматы облысы

Бөлісу:
Шарын шатқалын тазартты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар