Қоғам
1 мин оқу 230

Үміткерлер үзеңгі қағыстырады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Mecenat.kz&raquo; әде&shy;би бай&shy;қауының биыл&shy;ғы III мау&shy;сымына шығар&shy;маларды қабылдау бас&shy;талды. Өті&shy;німдерді тір&shy;кеу 2024 жыл&shy;дың 14 сә&shy;уіріне дейін жал&shy;ғасады.</p>

Үміткерлер үзеңгі қағыстырады

«Mecenat.kz» әдеби байқауы ІІІ маусымын ашық деп жария­лап, өтінімдерді қабылдауды бас­тады. Негізгі тақырып – еліміз туралы қазақ немесе орыс тілінде жазылған шығармалар үміткер бола алады. Байқауға қатысатын романның көлемі – бос орындармен есептегенде 150 000 белгіден бастап, 300 000 белгіге дейін болуы шарт.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау ережесіне басқа да өзгерістер енгізілген. Байқауға қатысушы өтінімді дұрыс, та­лапқа сай қылып ұсынуға тиіс екенін, өтінімде қандай да бір қа­телік болса, қатысушы өзі жа­­уап береді. Яғни байқаудың ере­желеріне сай келмейтін, ере­жені бұзған қолжазбалар бай­қаудың кез келген кезеңінде шет­тетілмек.

Айта кетейік, дүбірлі додада бір автор ғана жеңімпазы болады. Ол өмір бойына айына 500 АҚШ долларын алып отырады.

Бөлісу: