Қазақстан
1 мин оқу 331

Самат Әбішке қарсы қылмыстық іс қозғалды - Бас прокуратура

<p style="text-align: justify;">Бас прокуратураның Арнайы прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру шараларын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бас прокуратура ұсынған дерекке сәйкес, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты «қаңтар оқиғасы» кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
«ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды», делінген хабарламада.

Тергеу қорытындысы бойынша заңды іс жүргізу шешімі қабылданатын болады.

Бұл ақпаратты Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай растады.

«Самат Әбіш Қазақстанда. Оның елден кетпеу туралы қолхаты бар. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деді ол.

Бөлісу:
Самат Әбішке қарсы қылмыстық іс қозғалды - Бас прокуратура · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар