Хоккей
1 мин оқу 160

«Барыстың» жарқын жеңісі

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) биылғы маусымын сәтсіз бастап, қата&shy;рынан бес бәсекеде ұтылған Аста&shy;наның &laquo;Барысы&raquo; соңғы екі ойында өз көрермендерін қуантты.</p>

«Барыстың» жарқын жеңісі

Осыдан бірер күн бұрын ғана Влади­востоктың «Адмиралын» әупірімдеп жүріп жеңсе, бұл жолы Нижнекамскінің «Неф­техимигін» ойсырата ұтты. Аталған матч басталған бетте Джозеф Ла Бейт есеп ашса, 4-минутта Нельсон Ножье екінші голды соқты. Одан кейін жарты сағаттан аса уақыт бойы қос команда бір-бірінің қақпа кілтін таба алмады. Тек 37 минуттан кейін ойын қайта қызды. Екінші кезеңнің соңында Райли Байбер есепті 3:0-ге жеткізді. Үзілістен кейін Понтус Оберг пен Ла Бейт дубльдің авторы атанса, Всеволод Логвин мен Дінмұхамед Кайыржан бір-бір реттен мергендік танытты. Қорытынды есеп – 8:0.

Осы жарқын жеңісінің арқасында «Ба­рыс» тұрақты біріншіліктің жарыс кес­тесінде 16-орынға көтерілді. Олардың қор­жынында 7 ұпай бар. Енді жерлестеріміз 21 қыр­күйекте Мәскеуде жергілікті «Спар­такпен» ойнайды.

Бөлісу:
«Барыстың» жарқын жеңісі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар