Жастар
1 мин оқу 211

Аутизмге арналған қосымша

<p style="text-align: justify;">Алматыдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зият&shy;керлік мектебінің оқушылары аутизммен ауыратын науқас&shy;тардың эмоционалды интеллектісін дамытуға арналған &laquo;Drive Beyond&raquo; қо&shy;сымшасын жасады. Жоба &laquo;Samsung Solve for Tomorrow&raquo; бай&shy;қауының республикалық кезеңінде үшінші орын алған.</p>

Аутизмге арналған қосымша

Қосымша қазірдің өзінде білім беру орталықтарында қолданылып келеді. Әсіресе 5-13 жас аралығындағы балалар арасында оң нәтиже көр­сетіп отыр. Зияткерлердің өнер­табысы аутизм спектрі бұ­зылған адамдардың эмоцияларын білдіруі мен шығаруына септігін тигізеді. Бағасы 10 мың теңге тұратын қосымша нау­қастың эмоциясын жасанды интеллект көмегімен көрсетуіне мүмкіндік береді. Команда мү­шесі Әлихан Сер­ғалиевтің айтуынша, қо­сымша жастар арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті да­мытудың маңыздылығын көрсетеді. «Біз әр адам осы тех­нологияға қол жеткізуге және эмо­ционалды дағдыларын да­мытуға лайық деп санаймыз», дейді ол.

Ал команда тәлімгері әрі физика пәнінің оқытушысы Дэниел Комбер-Тодд мектеп оқушыларының жұмысы таң­ғаларлық дүние екенін жет­кізді.

Команда алдағы уақытта қо­сымшаны одан әрі дамытуға күш салмақ. Әсіресе емдеу ор­та­лықтары үшін диагнос­ти­ка­лық мүмкіндіктерді қосуды және оны басқа да білім беру меке­мелерінде кеңінен пайдалануды жоспарлап отыр.

Бөлісу: