Теннис
1 мин оқу 143

Жарысты сәтті бастады

<p style="text-align: justify;">Қытайдың Гуанчжоу қаласында жа&shy;лауы желбіреген WTA турнирін теннисші отандасымыз Юлия Пу&shy;тинцева сәтті бастады.</p>

Жарысты сәтті бастады

Жүлде қоры 259 303 АҚШ долларын құ­райтын жарыстың тұсаукесер кездесуінде еліміздің екінші ракеткасы әлемдік рейтингте 213 орында тұрған жергілікті ойыншы Ю Сяодиді ойсырата ұтты. 1 сағат 47 минутқа созыл­ған сайыс 6:4, 6:0 есебімен аяқталды. Келесі кезеңде Юлия кезінде жастар арасында әлемдік рейтингте көш бастап, бұл күндері үздіктер тізімінде 76 орынды иеле­ніп отырған даниялық Клара Таусонмен шебер­лік байқасады. Ол алғашқы айналымда чехиялық Линда Фрухвиртовадан айласын асырды. Есеп – 6:2, 7:6.

Юлия Путинцевадан бөлек, бұл турнирге польшалық Магда Линетт, германиялық Татьяна Мария, италиялық Лючия Брон­цет­ти, бельгиялық Грета Миннен және ресейлік Анна Калинская қатысып жатыр.

Бөлісу:
Жарысты сәтті бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар