Қоғам
1 мин оқу 201
Ақмола облысында алтын өңдеу цехы жойылды
<p style="text-align: justify;">Ақмола облысының полицейлері құрамында алтыны бар материалды қайта өңдеп шығаратын жасырын цехтың көзін жойды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«Ақмола облысында 50 жастағы ауыл тұрғыны заңсыз өндірісті жүргізген. Полиция қызметкерлері ұсақтау аппараты мен басқа да жабдықтарды ақмолалықтың тұрғылықты жерінен тапты. Бұл фактіні құқық қорғау органдары ҚР ҚК 295-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүріп жатыр», делінген хабарламада.
Бөлісу: