Президент
1 мин оқу 280

Мемлекет басшысы Зүлфия Сүлейменованы қабылдады

<p style="text-align: justify;">Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі&ndash;Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Арнаулы өкілге алдағы шараларға, атап айтқанда биыл қараша айына жоспарланған Климаттың өзгеруi жөнiндегi БҰҰ негiзгi Конвенциясына қатысушы тараптардың 28-конференциясына және 2026 жылы БҰҰ аясында өтетін Аймақтық климаттық саммитке дайындық жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді. 

Сондай-ақ Президент шетелдік серіктестермен арадағы ықпалдастықты, соның ішінде экономиканы декарбонизациялау және ауаға таралатын метан мөлшерін азайту бағыттары бойынша ынтымақтастықты нығайту маңызды екенін атап өтті.

Бөлісу: