Өнер
2 мин оқу 220

Сиқыршының жаңа рекорды

<p style="text-align: justify;">Гиннестің рекордтар кітабына енген неше түрлі тұлға болса да, оларды өзгелерді даралайтын қасиеттері мен жетістіктерінің басым бөлігі қара басы үшін болмаса, қоғамға пайдасы жоқ. Ал енді осы кітаптан қайта-қайта табылып отырған отандасымыз Жеңіс Айтжановтың жұрттан несі артық?</p>

Сиқыршының жаңа рекорды

Гиннестің рекордтар кіта­бына бұған дейін де екі рет енген иллюзионист Жеңіс Айтжанов осыдан екі жыл бұ­ры­н саусақтарының арасында бір тиынды тоқтаусыз 55 секунд ішінде 55 рет айнал­дырып, елді таңғалдырған еді. Осы жазда төрт тиынды сау­сақтарының арасында 14 рет 60 секунд ішінде шыр айналдырса, оны әлемнің мен деген иллюзионистері де қайталай алмай отыр. Сол жолы сиқыршы тиынға қатысты трю­гін шыңдап, үшінші рекордына дайындалып жүргенін жет­кіз­ген болатын.

Алайда бұл жолы Жеңіс Айтжанов мүлде жаңа қырынан танылды. Қала күні қарсаңында Гиннес рекордтар кітабының өкілдері шақырып, отанда­сымыздың жаңа рекордын рес­ми түрде тіркеді. Ендігі жетістіктің тиындар мен цирк трюктеріне ешқандай қатысы жоқ.

Сиқыршы Алматының туған күніне 5040 рубик ку­бик­­тен тұратын алып мозайка құ­рас­тырды. Қала күніне ар­налған қайталанбас композицияда «Қазақстан» қонақүйі бей­неленген.

«Мұндай мозайканың идея­­­сы мен сюжеті бір жарым жыл бұрын ойыма келді. Біз өз командамызбен бұл бас­таманың тұжырымы қандай болады, алып мозайка үшін қаламыздың қандай көрікті жерін таңдай аламыз деген сауалдар төңірегінде ұзақ ой­ластық. Меніңше, біздің бұл жұ­мысымыз алматылықтарға ұнады. Алматыны аралауға кел­ген қала қонақтары суретке түсетін көрікті мекен болуға сұ­­ра­нып тұр», дейді Жеңіс Айт­жанов.

Қазірдің өзінде мозайкалық полотно оңтүстік астана тұр­ғындарына ұнайтыны бай­қалады. Оның айғағы рекордшы жігіт мың сан алғыс пен құт­тықтауларға бөленіп отыр.

Таңғажайыптарға сенетін си­қыршы репертуарындағы фо­кус­тарының жартысының ав­торы өзі болғандықтан, ел де оның өнерін шы­найы деп есеп­тейді.

АЛМАТЫ 

Бөлісу:
Сиқыршының жаңа рекорды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар