Спорт
1 мин оқу 272

Кімдер жекпе-жекке шығады?

<p style="text-align: justify;">Осы аптаның аяғында Қытайдың Ханчжоу қаласында алауы тұта&shy;на&shy;тын жазғы Азия ойындарына қаты&shy;сатын Қазақстанның жекпе-жек шеберлерінің есімдері белгілі болды.</p>

Кімдер жекпе-жекке шығады?

Каратэден өтетін жарыста сегіз спортшымыз сайысқа түседі. Олар: Токио Олим­пиадасының қола жүлдегері, Дүние­жүзілік ойындар мен Ислам ынтымақтастығы ойын­дарының жеңімпазы Софья Берульцева, әлем чемпионатының қола жүлдегерлері Қай­сар Алпысбай, Нұрқанат Әжіқанов, Данияр Юлдашев, Азия ойындарының күміс жүл­дегері Дидар Әмірлі, Азия чемпионы Мөлдір Жаңбырбай, Әсел Қанай және Лаура Әлиқұл.

Джиу-джитсушылардың жарысында Әбдісамат Әшіров, Кәрім Иминжанов, Нұр­сұлтан Измұрзаев, Алман Қаршыға, Шохзод Ташполатов, Аян Тұрсын, Нұржан Батыр­беков, Руслан Исраилов, Әсемхан Исаханова, Мансұр Хабибулла, Әйгерім Қуатқызы, Адлан Мадаев, Дархан Нортаев, Олжас Нұртақанов, Назгүл Рахаева, Айдана Сәбитова, Ажар Салықова, Әлидияр Серік және Кристина Жұрабекова күш сынасады.

Бөлісу: