Қоғам
2 мин оқу 585

Жаңа жолаушылар вагоны жолға шықты

<p style="text-align: justify;">Жуырда &laquo;Жолаушылар тасымалы&raquo; АҚ паркі су жаңа отандық вагондармен толықты. Кейінгі 10 жыл көлемінде ұлттық тасымалдаушының техника паркі 50 пайызға дейін жаңартылды.</p>

Жаңа жолаушылар вагоны жолға шықты

Бұл вагондарды Петропавл қала­сындағы отандық «ЗИКСТО» зауыты жасап шығарды. Елордаға заманауи үлгіде жасалған плацкарт және купе  вагондарының бірінші партиясы да жеткізілді. Бұл вагондар «Қарағанды – Жезқазған», «Атырау – Маңғыстау», «Атырау – Ақтөбе» бағыттары бойынша жүретін пойыздар құрамында жолға шығады.

Жолаушылар сапарының жайлы­лығын қамтамасыз ету үшін вагондар ауаны баптау қондырғысы, тазарту сүзгілері, түтін сезбегі, био­дәрет­ханалармен, там­бурлардағы бейне­бақылау жүйе­сімен жабдықтал­ған. Әр купеде электр көзі мен USB қосқыш­тары да қарастырылып отыр. Тиісті нұс­қаулық бойынша пайдалана білсек, вагондардың қызмет ету мерзімі 40 жылға дейін жарамды. Жайлылығы мен техникалық өлшемдері жағынан анау-мынау шетелдік бәсекелестерін шаң қаптырып кететін отандық вагондар өндірісі мұнымен шектелмек емес.

Алдағы қазан айының соңына таман «ЗИКСТО» зауыты ұлттық тасымал­даушыға тағы да 50 вагонды, ал келесі жылдың басында тағы 100 жолаушы вагонын пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Сондай-ақ 2030 жыл­ға дейін «Stadler» компаниясынан 537 жо­ғары технологиялық вагон сатып алу көзделіп отыр. Соның арқасында сал­дырлап, қаңқасын әзер сүйретіп жүрген көнетоз вагондар­дың біразымен қош айтысамыз.

Тасымал паркін жаңарту бойынша барлық жоспарланған іс-шара­ны ескере отырып, 2030 жылы вагон­дардың орташа шыққан жылы 18-ден 13-ке дейін төмендейді деп жоспарланып отыр. Бұл ретте вагондардың ауаны баптау жүйесімен қамтамасыз етілуі 100%-ды құрайды.

Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, кейінгі он жылдың бедерінде компания қауіпсіздік, жайлылық және эколо­гиялық тазалығы бойынша заманауи халықаралық талаптарға жауап беретін 1200-ден астам вагон сатып алыпты.

Бөлісу: