Елорда
1 мин оқу 290

Астанада қарттар күніне орай флешмоб өтті

<p style="text-align: justify;">Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының және Есіл ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен &laquo;1 қазан &ndash; Халықаралық қарттар&raquo; күніне арналған &laquo;Денсаулық флешмобы&raquo; өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Есіл ауданы әкімдігінің алдындағы алаңда өткен флешмобқа ардагерлер кеңесінің өкілдері, еңбек ардагерлері мен зейнеткерлер арнайы фитнес нұсқаушысының жетекшелігімен жаттығулар өткізді.

Бұдан басқа, алдағы уақытта Есіл ауданы әкімінің аппараты тұрақты негізде теплоходпен қаланың көрікті жерлеріне баруды жоспарлап отыр.

Іс-шара соңында өздеріне көрсетілген ықылас пен қошеметке риза болған қарттар алғыс айтып, естелікке суретке түсті.

Бөлісу:
Астанада қарттар күніне орай флешмоб өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар