Қоғам
1 мин оқу 260

Алматы мұғалімдері Финляндияға жолдама алды

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласындағы&nbsp; химия-биологиялық бағытындағы&nbsp; NIS мұғалімдері Шолпан Әбішева мен Айжан Омарханова&nbsp; Pro.NRG 2023&nbsp; жаһандық фестивалінің&nbsp;&nbsp; &laquo;Science on Stage Kazakhstan&raquo; ұлттық іріктеу турнирінің жеңімпаздары атанды.</p>

Алматы мұғалімдері Финляндияға жолдама алды

Pro.NRG-2023 педагогтар мен ғалымдар үшін дәстүрлі халықаралық ғылыми форум ретінде танылған. Биыл  беделді фестиваль   «STEM-білім берудің тұрақты дамуы» тақырыбында өтті.

Еуропаның жаратылыс саласындағы тәжірибелі профессорлары Майкл Грегори (Франция), Гордон Кеннеди  (Италия), Наско Стаменов (Болгария), Пол Ландманнан  (Испания) төрелік еткен байқауда еліміздің түкпір-түкпірінен келген 50 үздік қазақстандық жоба талқыға түсті. Нәтижесінде сарапшылар жеті  жобаны таңдады. Жеңімпаз ұстаздар  келесі жылдың жазында Финляндияда өтетін 13-ші Еуропалық «Science on Stage-2024 фестивалінде» республиканың абыройын қорғайтын болады.  

ор

«Science on Stage» фестиваліне Еуропаның 30-дан астам елінен ұлттық  байқаулардың жеңімпаздары қатысады. Кәсіби алаңда әлемнің түкпір-түкпірінен баратын 500-ге жуық мектеп мұғалімдері стендтерде, семинарларда және сессияларда өздерінің ең креативті STEM идеяларымен бөлісетін болады.


АЛМАТЫ

Бөлісу: