Батыс Қазақстанда 30 градус ыстық болады
<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 23-25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>
Мамандардың айтуынша, батыста, оңтүстікте, Ақтөбе облысында және Ұлытау облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Күндіз елдің батысында ауа температурасы 25-30 градусқа дейін ыстық болса, солтүстік, оңтүстік облыстарда және республика орталығында ауа температурасы 18-23 градусқа дейін жылы болады. Ал, республиканың шығысында ауа температурасы 7-13 градусқа дейін төмендейді.
Солтүстік облыстарда, Қарағанды облысында жаңбыр жауады.
Республиканың шығысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, таулы аймақтарда түнде бұрқасынға ұласуы мүмкін.
Еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең 2 градусқа дейін суық болады.