Аймақтар
2 мин оқу 310

Маңдай тердің өтеуі

<p style="text-align: justify;">Маңдай терін төгіп адал еңбек етіп жүрген адамдардың мерейін өсіріп, ынталандыру, қарапайым жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеру жыл сайын &laquo;Еңбек жолы&raquo; конкурсын ұйымдастыру дәстүрге айналған. Мәртебелі мереке қарсаңында Қонаев қалалық Мәдениет үйінде аталған байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, еңбек ардагерлерін, өндіріс озаттарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым қатысып, жиналған жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтады.</p>

Маңдай тердің өтеуі

«Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек», деген болатын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан хал­қына арнаған Жолдауында. Замандар тоғысып, ақпараттық алаң кеңейген тұста қоғамдық санада, өскелең ұрпақ бойында еңбек культін орнықтыру маңызды. Бүгінгі іс-шара осы мақсатта ұйымдастырылып отыр», деген әкім орынбасары жас­тарды жұмыспен қамту, қол­дау үшін облыста қолға алынған іс-шаралар тізбегін атап өтті.

«Жастардың бойында ең­­бек дағдыларын қа­лып­тас­­тыру, тә­жірибе жинақ­та­уы­на мүмкіндік жасау мақса­тын­да «Алғашқы жұ­мыс ор­ны», «Жастар тәжірибесі», «Ұрпақтар келісімшарты» жо­балары жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда өңірдің 331 жас азаматы  2,5 пайыздық мөл­шерлемемен шағын несие алды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 375-ке же­теді деп жоспарланған», деді әкімнің орынбасары.

Сондай-ақ ол салтанатты іс-шарада республикалық «Ең­бек жолы» конкурсының өңір­­­лік жеңімпаздарын ма­ра­­пат­тады. «Үздік еңбек әуле­­ті» аталымы бойынша Қо­наев қаласына қарасты Ар­на ауы­лындағы №11 орта мек­теп­тің мұғалімі Антонина Мық­ты­баеваға облыс әкімінің марапаты мен сертификатын табыс етті.

«Филип Моррис Қазақ­стан» ЖШС-ның оқыту өн­дірісі және инженерлер то­бының жетекшісі Айжан Жүні­сова «Өндірістің үздік жас маманы» аталымын же­ң­іп алса, «Мойнақ ГЭС» АҚ-ның кезек бастығынан ор­талық басқару пунктінде стан­са бастығына дейін өс­кен Думан Салимахунов «Жұ­мыс істейтін жастардың үздік тә­лім­гері» аталымының жеңім­пазы атанды.

Жастық жігер, білім-білігі­мен дараланып, өз саласының ү­здік­тері атанған бірқатар жас маман­ да бағалы сыйлық­тарға ие болды. Бұл күні есе­лі еңбек иеле­ріне эстрада жұл­дыздары ән-шашу тарту етіп, тамаша көңіл-күй сы­йлады.

Алматы облысы 

Бөлісу:
Маңдай тердің өтеуі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар