«Жыл волонтері» халықаралық байқауы басталды
<p style="text-align: justify;">ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына конкурс <a href="https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021420">өткізеді</a>, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы – әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге елеулі үлес қосқан отандық және халықаралық волонтерлер мен волонтерлік топтарды, волонтерлік ұйымдарды көтермелеуге және ынталандыруға, сондай-ақ волонтерлік қозғалысты дамытуға және қолдауға бағытталған.
Ведомствоның мәліметінше, сыйлық 15 бағыт бойынша беріледі.
Сондай-ақ құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 25 қыркүйек пен 14 қазан аралығында жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер qazvolunteer@mail.kz электрондық мекенжай бойынша қабылданады.
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын беру ережелері туралы толығырақ www.adilet.kz сайтынан біле аласыздар.