Шахмат
1 мин оқу 170

Керуен Керекуге жетті

<p style="text-align: justify;">Шахмат федерациясы ұйымдасты&shy;&shy;рып жат&shy;қан &laquo;Шахмат керуені&raquo; жоба&shy;сы Павлодар қаласына жетті.</p>

Керуен Керекуге жетті

10 қыркүйекте өз бастауын алған ауқымды жоба Көкшетау, Петропавл, Қос­танай және Қарағанды қалаларын артқа тастап, Павлодар қаласына табан тіреді. 10 қарашаға дейін еліміздің барлық облысын аралап шығатын жобаның мақсаты – өңірлерде шахмат қозғалысын насихаттау.

«Шахмат керуені» жобасы аясында Қазақстан шахмат федерациясының Пав­лодар облыстық филиалы ашылып, оның төрағасы болып кәсіпкер Артур Шпейзер тағайындалды. Сондай-ақ «Ertis Promenade» алаңында тігілген мобильді киіз үйде жер­гілікті спортшылар арасында шахмат тур­нирі ұйымдастырылды. Нәтижесінде, жа­рыс жеңімпазы атанған 33 жастағы Бақыт Жан­ғабылов 10 қарашада Түркістанда өтетін жобаның гранд-финалына жолдама алды.

Бөлісу:
Керуен Керекуге жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар