Қоғам
1 мин оқу 270

Жасөспірімдер архивпен танысты

<p style="text-align: justify;">Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің ұйымдастыруымен биыл екінші рет &laquo;Архив және болашақ ұрпақ&raquo; жобасы аясында еліміздегі барлық мемлекеттік архивтер мен Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталықтарында ашық есік күні өтті. Мәдени іс-шараға 15 мыңнан астам жасөспірім қатысты.</p>

Жасөспірімдер архивпен танысты

Бүгінгі таңда республика бойынша барлығы 223 мемлекеттік архив жұмыс істейді. Оның ішінде 5-еуі республикалық. Атап айтқанда: Ұлттық архиві, Орталық мемлекеттік архиві, Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві және Қол­жаз­балар мен сирек кітаптар ұлттық орта­лығы.

«Жоғарыдағы жобаның мақсаты – өскелең ұрпақты ата-бабаларының тарихы һәм салт-дәстүрімен таныстырып, Отанға, туған жерге деген патриоттық сезімін ояту және ғылыми-зерттеу жұ­мыс­тарына ынталандыру, архивтік құ­жаттар мен архив саласының тарихи маңызын сезіндіру. Өйткені архив дерек сақтаушы мекеме ретінде елдің зияткерлік меншігі мен мәдени игілігінің тұтастығын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ өткен, қазіргі және бола­шақ көкжиектерін байланыстыратын плат­форма», дейді Архив, құжаттама және кітап ісі ко­митетінің басқарма басшысы Ибраим Бабаев.

Іс-шара аясында тақырыптық фотоқұ­жат­тық экспозициялар мен көрмелер, экскурсия­лар, шығармашылық кездесулер және сирек кітаптарды реставрациялау жұмыстары, шеберлік сабақтары өткізіліп, архив жүйесі мамандарының қызмет көрсету және ғылыми зерттеу жұ­мы­сын жүргізу ісі насихатталды. Соны­мен қатар жас көрер­менге архив ісін бірыңғай жетілдіру, қо­ғамдық ақпарат көз­­дерінің ықпалын арттыру жолы әрі орта­лықтандырылған дерек­кө­зін пайдалану әрекеті сияқты заманауи жұмыстар та­ныс­тырылды.

Ашық есік күнінің табысты өтуіне – бел­гілі ғалымдар мен архив саласының мамандары атсалысып, жасөспірімдерге архивтік құжаттарды сақтау, реставрация жасау, көне кітаптар мен қолжазбаларды аудару, құндылығын анықтау бойынша дәрістер өткізді.

Бөлісу:
Жасөспірімдер архивпен танысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар