Президент Жолдауының орындалу барысы талқыланды
<p style="text-align: justify;">Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мемлекет басшысының биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау мәселелері бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Мемлекеттік органдар мен ұйымдар қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Атап айтқанда, мемлекеттік органдар макроэкономикалық тұрақтылықты құруға, фискалдық саясатты жетілдіруге, кәсіпкерлік пен банк секторын дамытуға, сондай-ақ басқа да салаларға бағытталған қажетті заңнамалық түзетулерді әзірлеп жатыр.
Жиын қорытындысы бойынша вице-премьер Ерұлан Жамаубаев Мемлекет басшысының Жолдауда айтылған тапсырмаларының өзі жетекшілік ететін салаларда сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтіп, мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма жүктеді.