Оқиға
1 мин оқу 275

Петропавлда өртенген үйден үш адамның мәйіті табылды

<p style="text-align: justify;">Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 25 қыркүйекте сағат 21:35-те Петропавлда Волочаевская көшесі, 113 мекенжайы бойынша өрт сөндірушілерге хабар түскен, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оқиға орнына өрт сөндірушілер бес минутта жеткен. Өртенген ағаш үйден 20-дағы бойжеткен мен 5 және 1 жастағы балалардың мәйіті табылған.

19 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндіруге 15 адам мен 3 техника жұмылдырылған. 

Оқиға орнына облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, СҚО ТЖД бастығы Ерік Сарыбаев, СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов барды. 

Қаза тапқандардың отбасына жәрдем жасалады. Өрттің шығу себебін мамандар анықтап жатыр. 

Бөлісу: