Спорт
1 мин оқу 350

Нұрлыхан Шархан Азиаданың қола медалін жеңіп алды

<div class="description" style="text-align: justify;">Ханчжоуда өтіп жатқан XIX Азия ойындарында Қазақстан дзюдошысы Нұрлыхан Шархан 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>

ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Нұрлыхан Шархан Оңтүстік Кореядан келген Джонхун Вонмен кездесті. Нәтижесінде, қазақ спортшысы иппон әдісімен жеңіске жетті.

Айта кетсек, бұл Азия ойындарында Қазақстаннан келген дзюдошылар үшін бесінші медаль. Татами шеберлерінің қоржынында бір күміс және төрт қола жүлде бар.

Бөлісу:
Нұрлыхан Шархан Азиаданың қола медалін жеңіп алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар