Мәдениет
2 мин оқу 420

«Қос мұңлық» – қоғам шындығы

<p style="text-align: justify;">Биыл сахна саңлағы Бикен Римованың туғанына жүз жыл толды. &laquo;Сегіз қырлы, бір сырлы&raquo; талғамы биік талант иесінің мерейлі мерекесі ел көлемінде атап тойланып жатыр. Бүкіл қазақ театрының мақтанышына айналған, мәдениет пен өнердің жарық жұлдызы болған Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сый&shy;лықтың &shy;лауреаты Бикен Ырымқызы &ndash; өзінің актерлік шеберлігімен ғана емес, драматург, коюшы режиссер ретінде де көптің құрметін иеленген айтулы тұлға.</p>

«Қос мұңлық» – қоғам шындығы

Кезінде өзінің жан ­дү­ние­­сін жарып шыққан «Абай – Әй­герім», «Қос мұң­лық» дра­ма­лық туындылары – көрермен қа­уым­ның көңілін жаулап ал­­ған үз­дік шығармалары. Екеуі ­де бү­­­гінгі күнге дейін сахна төрі­нен түскен емес.

Соның бір куәсі Жетісу об­лысының Бикен Римова атын­дағы драма театры әй­гілі ак­тер­дің жүзжылдық мерейтойы­ның құрметіне орай тұғырлы тұлғаның өзі жазып сахнала­ған «Қос мұң­лық» спектаклін ­жуырда Астанадағы Жас­тар театрында қойды.

Бұл спектакль қазір қо­ғам­ды жайлап бара жатқан жа­ғымсыз жағдай – қартай­ған ата-анасына қайырым­сыз болған кесірлі ұрпақтың мінез-құлқын бүкпесіз ашып берген. Өзі өсіріп, ержеткізген, мәпелеп, бауырына басқан балаларының жаман жолға түскенін, әке-ше­шесіне жылы ұясынан қарт­тар үйіне қуып, сонда баруға мәж­­­­бүрлеу өте аянышты, дра­­ма­­лық тартыста шебер бей­нелен­ген. Спектакльде ата-ана қадірін білмейтін, арақ пен нашаға санасы уланған жастардың дайын олжа, арзан өмірден опық жейтінін де қатты ес­кертеді. Тікбақай қыз, намыссыз жігіттің санасыз өмірін заман шындығына сай бүкпесіз көрсетіп берген.

«Қос мұңлық» басталы­сымен демін ішіне тарта оты­рып көріп шыққан көрер­мен Бикен апамыздың бұл қойы­лымына шексіз риза бол­ды. Замана шындығын, он­дағы кейіпкерлер рөлін сом­даған актерлердің өрелі өне­рі адамды қалың ойға батырады. Әсі­ресе осы спектакльдің өнбо­йында бір тыным таппай, бір үзіліссіз күш-қайратын сарқа жұмсаған, басты рөл­ге шексіз шеберлігін сал­­ған Күнзипа рөліндегі Қазақ­станның халық әртісі Алма­­хан Кенжебековаға барша көрер­­мен ризалығын білдірді.

Қоюшы режиссер, Қазақ­станның ең­бек сіңірген әртісі Мұрат Ақ­ма­нов­тың тапқыр шешім­дері көп­шілікті тәнті етті. Адам­­ның іш­кі жан дү­ниесін, толға­ны­­сын, күй­зелісін, түрлі тың идея­­лар­ды сахналық іс-қимыл­дар­мен ұтымды қиюлас­тырып бергені, өзіндік ізденістің өз­­геше өрнегі іс­петті. Соның ар­­­қа­сында бар­лық актерлер­дің рөл­дері өз дәрежесінде сенімді де шынайы болып шыққан. «Қос мұң­лықтың» бір сыңа­ры Гүл­барам рөлін сомдаған Мә­кен Нұрмұхамбетованың да, әсіресе перзенттік парызын ұмытқан, үнемі анасына қарсы шығып, жағаласқан Күнзипаның ұлы Алданның рөліндегі Дәулет Қанаттың қабілет-қарымы да көрермен кө­ңілінен шықты.

Бір сөзбен айтқанда, «Қос мұңлық» – қа­зір­гі қо­ғам өмірі­нің ащы шындығы. Ата-ана­сын қадірлемеудің түбі жаман­шы­лыққа алып ке­летін өте сорақы тірілік екенін, жа­ның­ды жегідей жеп отырып көр­сетіп беретін өте ұлағат­ты дра­малық туынды дер едік. Мұны біз спектакль біті­сі­мен жетісулық өнер қай­рат­керлеріне тік тұрып қол соқ­қан көрермендердің риза­лы­ғынан, оған қоса көзде­рін жас­қа толтырып тұрып, тағ­ды­ры тәлкекке түскен «Қос мұң­лықтың» образын риясыз көр­сеткен актерлерге деген зор құрметтен шексіз сезіндік.

Бүгінгі қоғамдық өмірдегі келеңсіз қылықтарды әшке­ре­лейтін, көкейге ой салатын, жаманнан жирендіретін мұн­дай спектакльдерді өске­лең ұрпақ жиі көріп, театр тәлі­мінен ұлағат алса екен дейміз.

Мұхаммед ХАНАФИЯ,

Фатима ЕРТӨРЕҚЫЗЫ 

Бөлісу:
«Қос мұңлық» – қоғам шындығы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар