Футбол
1 мин оқу 177

Армения командасын жеңді

<p style="text-align: justify;">Футболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Ұлттар лигасы аясындағы топтық кезеңнің кезекті тур ойынын өткізіп, сырт алаңда Армения футболшыларын қапы қалдырды.</p>

Армения командасын жеңді

Армавир қаласындағы «Армавир Стэдиум» стадионында өткен бәсекеде Мадияр Кембілов жаттықтыратын Қазақстан ұлттық құрамасы­ның қыздары 2:1 есебімен жеңіске жетті. Кез­десудің 27-минутында жерлестерімізден Әселхан Тұрлыбекова мергендігімен көзге түсіп, ойынның есебін ашты. Екінші таймның 54-минутында алаң иелері сапынан Вероника Асатрян жергілікті жанкүйерлерді қуантып, таразы басын теңестірген еді. Алайда армения­лықтардың қуанышы көпке созылған жоқ. Арада үш минут өткенде Арайлым Орынбасарова Қазақстан құрамасының жеңіс голын соқты.

Мұның алдында еліміздің қыздар құрама­сы Эстония футболшыларымен жасыл алаң­да жолығып, 0:0 есебімен тең түскен еді. Осылайша, екі матчта төрт ұпай жинаған Ма­дияр Кембілов шәкірттері өз тобында көш бастады. Жерлестеріміз кейінгі кездесулерін 26, 31 қазан күндері өткізеді. Алғаш өз алаңымыз­да Израиль құрамасын қабылдаса, кейіннен ­Тель-Авивке сапар шегеді.

Бөлісу:
Армения командасын жеңді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар