Марапат
1 мин оқу 170

Финляндияға жолдама

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS мұғалімдері Шолпан Әбішева мен Айжан Омарха&shy;нова Pro.NRG 2023 жаһандық фестивалінің &laquo;Science on Stage Kazakhstan&raquo; ұлттық ірік&shy;теу турнирінің жеңімпазы атанды.</p>

Финляндияға жолдама

Педагогтер мен ғалымдардың басын біріктіретін дәстүрлі халық­аралық ғылыми форум биыл «STEM – білім берудің тұрақты да­муы» тақырыбында өтті.

Еуропаның жаратылыстану саласындағы тәжірибелі профессорлары Майкл Грегори (Франция), Гордон Кеннеди (Италия), Нас­ко Стаменов (Болгария), Пол Ланд­­маннан (Испания) төрелік ет­кен байқауда еліміздің түкпір-түкпі­рінен ұсынылған 50 үздік жоба талқыға түсті. Нәтижесінде, сарапшылар жеті жобаны таңдап алды. Жеңімпаз ұстаздар келесі жылдың жазында Финляндияда өтетін  еуропалық «Science on Stage-2024» 13-фестивалінде елдің намысын қорғайды.

«Science on Stage» фестиваліне Еуропаның 30-дан астам елі­нен ұлттық байқаулардың жеңім­паздары қатысады. Кәсіби алаңда әлемнің 500-ге жуық мектеп мұғалімдері стендтерде, семинар­ларда және сессияларда ең креа­тивті STEM идеяларымен бөлі­­сетін болады.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Финляндияға жолдама · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар