Қоғам
1 мин оқу 250
Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі ант қабылдады
<p style="text-align: justify;">Сенаттың жалпы отырысында жаңадан сайланған депутат Дархан Қыдырәлі ант қабылдады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын мүлтіксіз орындауға, маған жүктелген депутаттық міндеттерді адал атқаруға ант етемін», деді Дархан Қыдырәлі.
Сондай-ақ жалпы отырыста депутаттар оны палатаның халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамына сайлады.
Бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалғанын хабарлаған едік.
Бөлісу: