Спорт
1 мин оқу 591

Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде жоғарылады

<div class="description" style="text-align: justify;">Қытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия ойындарының бесінші күні өтіп жатыр. Осы тұста <span class="copyright">Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің баспасөз қызметі жаңартылған медальдар кестесін жариялады</span>, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>

Қазақстан құрамасы екі алтын медальді қанжығаларына байлады.

Еске сала кетсек, Зухра Ирназарова 10 метр қашықтықтан қозғалатын нысанаға атудан үздік болды. Одан бөлек, стенд атудан аралас жұптық турнирде Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко дуэті жеңіске жетті. Скит жаттығуларының финалында қазақ спортшылары Кувейттен келген қарсыластарынан озық болды. Қорытынды есеп - 40:35.

Енді еліміз 12-орыннан 9-орынға көтерілді.

Азия ойындарының кестесі
Бөлісу:
Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде жоғарылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар