Спорт
1 мин оқу 253

Аян Бейсенбаев Азия ойындарында қола жүлдегер атанды

<div class="description" style="text-align: justify;">Қазақстан спортшысы Аян Бейсенбаев триатлоннан Ханчжоудағы 2023 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алып, Қазақстан қазынасын 23 медальмен толықтырды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</div>

ҰОК мәліметінше, Аян Бейсенбаев 1500 метр қашықтықты жүзіп өтіп, 40 шақырымды велоспортпен және 10 шақырымды 1 сағат 52 минут 25 минутта жүгіріп бағындырды.

Бірінші болып жапониялық Кэндзи Ненер шықты – 1:50:54. «Күміс» жапониялық Макото Одакураға бұйырды – 1:51:49.

Тағы бір спортшымыз Темірлан Теміров жарысты алтыншы орынмен аяқтады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында 23 медаль бар: 3 алтын, 3 күміс және 17 қола.

Бөлісу: