Өнер
1 мин оқу 420

Күзде оқылған өлең

<p style="text-align: justify;">Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен &laquo;Жазушымен бір күн&raquo; жобасы аясында жергілікті ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ғайни Әлімбекқызының шығармашылығына арналған &laquo;Сөзден күмбез тұрғызған&raquo; тақырыбында әдеби кеш өтті.</p>

Күзде оқылған өлең

Ыбырайым Сүлейменов кө­ше­сі­нің бойындағы «Жастар аллея­сын­да», ашық аспан астында ұйым­дас­тырылған іс-шара барысын­да Ғайни Әлімбекқызы лирика­лық сарындағы өлеңдерін оқып, әдеби кешке жиналған оқырманда­ры­мен сырласты. Сондай-ақ Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филар­мония­ның әншілері Жанна Асан­құлова, Әскербек Досанов ақын­ның сөзіне жазылған «Сені сүю», «Қыз жүрегі», «Келерсің өзің», «Қаздар қайтып барады қарашада», «Тағы да кел­ді бір көктем» әндерін шарықтата шыр­қап, көпшіліктің ықыласына бө­ленді.

Іс-шарада Қазақстан Жазу­шы­лар ода­ғының мүшелері, жер­гілікті қалам­­герлер Шырын Мама­серікова, Үміт Битенова, Бақыт­жан Советұлы Ғайни Әлімбекқызы­ның поэзиясы туралы ойларымен бөлісіп, ақынға шығар­ма­шы­лық табыс тіледі. Өздері де соңғы жазған өлеңдерін оқып, бір жасап қалды.

«Дәстүрлі жоба аясында кі­тапха­­нашылар атқаратын жұ­мыс аз емес. Кітапхана ұжы­мы ал­­дағы уақытта да жергілікті қа­­лам­­герлердің шығар­ма­ла­­рын жас­тар арасында наси­ха­т­­­тау жұмыс­тарын жалғастыру­ға ниет­­ті. Өйт­кені Жамбыл жерін­де ал­­дың­ғы тол­қынмен қатар жас ­буын ақын-жазушылар да жеткілік­ті», дейді кітапхана қызметкері ­Жанат Жетпісбаева.

Әдеби кеш соңында сөз алған Ғайни ақын шығармашылығын елеп-ескеріп, әдемі іс-шара ұйым­дастыр­ған кітапхана ұжымына, алыс-жақыннан келген қаламдас әріп­тестеріне ризашы­лығын жет­кізді.

Тараз 

Бөлісу:
Күзде оқылған өлең · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар