Спорт
1 мин оқу 250

Азиада-2023: Қазақстан семсерлесуден «алтынға» таласады

<p style="text-align: justify;">Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында семсерлесуден Қазақстан құрамасы командалық жарыста жартылай финалда Гонконг командасымен сайысты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Құрамында Елмир Әлімжанов, Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов пен Ерлік Сертай (запастағы ойыншы) бар семсерлесушілер финал жолдамасын иелену үшін Гонконг командасымен сайысып, барлық жекпе-жек қорытындысы бойынша 45:30 есебімен жеңіске жетті. Гонконг командасы қоланы қанағат тұтты.

Семсерлесуден финалға шыққан Қазақстан құрамасы Жапониямен «алтынға» таласады. Шешуші ойын Астана уақытымен 16:35-те өтеді деп жоспарланған.

Бөлісу:
Азиада-2023: Қазақстан семсерлесуден «алтынға» таласады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар