Спорт
1 мин оқу 230
Юлия Путинцева Бейжің WTA 1000 турниріне жолдама алды
<p style="text-align: justify;">Еліміздің екінші, әлемнің 73-ракеткасы Юлия Путинцева Бейжің WTA 1000 турниріне жолдама алды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қазақстан теннисшісі іріктеу финалында әлемнің 68-ракеткасы, ресейлік Элина Аванесянмен сайысты.
Ю.Путинцева – Э.Аванесян матчы бір сағаттан астам уақыт өтіп, 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жеткен Қазақстан спортшысы 5 брейк-пойнтты шашау шығармай пайдаланған, ал ресейлік теннисші 1 брейк (2 брейк-пойнт) жасай алған.
Осылайша негізгі жарысқа өткен Юлия Путинцеваның келесі қарсыласы кейін анықталады.
Бөлісу: