Азиада-2023: Жетінші жарыс күнінің нәтижесі
<p style="text-align: justify;">Ханчжоудағы (Қытай) Азия ойындарында 30 қыркүйек – жарыстың жетінші күнгі жалпы нәтижесі бойынша Қазақстан командасы споршылары финалға өтті, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>
Бокстан Азия ойындарының жартылай финалына өткен Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов (71 кг) әлем чемпионы Асадхуджа Муйдинхуджаевты (Өзбекстан) мерзімді уақытынан бұрын жеңді. Тағы бір боксшымыз Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) Бахрейн боксшысы Данис Латыповты 5:0 есебімен жеңіп, Азиаданың жартылай финалына өтті.
Байдарка мен каноэде есуден Қазақстан спортшылары Азия ойындарының финалында бірден 5 түрлі сайыс бойынша бақ сынайды.
Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 3:0 есебінде Ауғанстаннан озық шықты.
7-ші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 4 күміс, 19 қола бар.