Спорт
1 мин оқу 3,240

Азиада–2023: Бүгін Қазақстанның төрт боксшысы рингке шығады

<p style="text-align: justify;">Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасынан төрт боксшы бүгін рингке шығады.&nbsp;Бұл туралы&nbsp;Sport. kz сайтынан мәлім болды, деп хабарлайды &nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Күндізгі сессияда Қазақстанның екі спортшысы және кешкі сессияда екі спортшысы шаршы алаңға шығады.

Астана уақытымен сағат 13:15-те Наталья Богданова шаршы алаңға шығады. 66 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын спортшымыз ширек финалда моңғолиялық Цэцэгдари Мягмарсурэнмен кездеседі.

Сағат 14:45-те жартылай финалдық жекпе-жек өткізетін 92 келіге дейінгі салмақтағы Сағындық Тоғамбай қытайлық Хань Сюэчжэньмен жұдырықтасады. Аталған жекпе-жектердің тікелей трансляциясын бокс жанкүйерлері Qazaqstan телеарнасынан тамашалай алады.

Сағат 17:15-те 57 келіге дейінгі салмақта Карина Ибрагимова моңғолиялық Намуун Монхормен ширек финалдық жекпе-жек өткізеді.

Сағат 19:00-де 63,5 келіге дейінгі салмақтағы ширек финалда Ертуған Зейнуллинов Моңғолияның тағы бір өкілі Чинзориг Баатарсухиинмен қолғап түйістіреді. Аталған жекпе-жектерді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Бөлісу: